432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға қосымша 300 мыңнан астам маска әкелінді. Дәріханалар тізімі

  • 130
  • UPD: 13:09, 23.03.2020
<span class=favorites>Елордаға қосымша 300 мыңнан астам маска әкелінді. Дәріханалар тізімі</span> astana.gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 23 наурыз күні астанаға қосымша 300 мыңнан астам медициналық маска әкелінді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Тұңғыш Президент қоры Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 50 мың медициналық маска жіберді. Қала әкімдігі «СҚ-Фармация» компаниясымен бірлесе маска мен антисептиктерді жеткізу бойынша мәселені дистрибьюторлармен  ұзақ мерзімді негізде жолға қойды, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Құны 56 теңгеге бекітілген маскаларды мына мекенжайлардағы дәріханалардан алуға болады:

«Хан Шатыр», «Азия парк» СОО, «Мәскеу» БО, «Хайвилл», «Нұрсая», «13 магистраль», «7Я», «Лазурный квартал», «Променад Экспо» ТК, №10 емхана, «Аружан» СОО, «Экспо Плаза» ТК, «Триумфальная арка» ТК, Бараева, Сармат-1, Достар-3, Империал, Иманбаева 8, №6 емхана, «7 континент» ТК, «Визит» ТК, «Қайнар» БО, Тұран 55, Магнум (Алаш ш 23/1) және т.б.

Өткен аптада қала дәріханаларына 450 мың медициналық маска жеткізілген болатын.

Дәріханаларда бір адамға 5 маскадан артық берілмейтінін естеріңізге сала кетейік. Медицина, полиция, әлеуметтік және қала тіршілігін қамтамасыз етуші нысандардың қызметкерлері медициналық маскамен, антисептиктермен және басқа да қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Хабар 24 телеарнасы