435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустың таралуын бақылауға мүмкіндік беретін қосымша ойлап табылды

  • 175
  • UPD: 09:11, 24.03.2020

Алматыда Covid19live.kz қосымшасы таныстырылды. Тегін сервисті отандық мамандар жасап шығарған. Жаңа қосымша нақты уақыт режимінде Қазақстанда коронавирустың таралу картасын бақылауға мүмкіндік береді.

Ол бойынша алматылықтар қалада ауырған қанша адамның барын және олардың қайда екенін біле алады. Бұған қоса азаматтар өзі байланыста болған және жұқтыруы ықтимал адамдарды, сондай-ақ жұқтырған бола отырып, барған орындарын атап көрсетеді. Мұндай мәліметтер түгел жасырын сақталады. Оны тек денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері оқи алады.

Баян Қоңырбаев, қалалық цифрландыру басқармасының жетекшісі:

- Бұл жағдай көршілес аймақтарда да болып жатқаннан кейін Қырғызстан мен Өзбекстандағы мәліметтерді де жүктеуді жоспарлап отырмыз. Қарапайым тұрғындар осындай ақпараттарға қол жеткізіп отыруы тиіс. Денсаулық министрлігінің жедел орталығымен байланысуға болады. Жедел штабтардың телефондары да көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы