429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соңғы үш тәулікте шетелде болған 32 адам Алматы облысының аумағына кірген

  • 459
  • UPD: 20:39, 25.03.2020

Олар АҚШ, Жапония, Ресей, Қырғызстан, Египет және қауіптілігі жағынан бірінші санатқа жататын Малайзиядан келіпті.

Тексеріс кезінде ол азаматтардың Алматы, Нұр-Сұлтан қаласында  карантинге жатқызылып, зерханалық сараптамадан өткені белгілі болды. Күдіктілерден короновирус анықталмаған. Сол себепті құжаттары толтырылып босатылған екен. Өңірдегі бекеттерде олардың дене қызуы тағы бір мәрте өлшеніп, қалыпты жағдайда екеніне көз жеткізілді.

Айта кетейік, облыста 19 тосқауылдық және санитарлық пост жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні 174 тұрғын үй жағдайында бақылауға алынған. Қоғамдық орындарға бармауға міндеттелгендердің оншақтысына ережені бұзғаны үшін ескерту жасалды. 

Қайрат Баймұхамбетов, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысы:

- Осы жұмадан бастап, егер карантиндік режимдер бұзылатын болса, айыппұлдар салынады. Тексерістер жүріп жатыр. Соның ішінде  үй карантинін бұзған кісілерге, халық көп жүретін жерлерде жүрсе айыппұл салынады. Қажет болса қылмыстық іс қолданылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы