429,96 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар АӘК-ті мемлекеттік мекемелерге жүгінбей ала алады

  • 1148
  • UPD: 10:21, 27.03.2020
Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар АӘК-ті мемлекеттік мекемелерге жүгінбей ала алады

Сәуір айынан бастап қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдармен байланыссыз атаулы әлеуметтік көмекті ала бастайды.

Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық базалары арқылы деректерді тексеру жүргізіледі, атап айтқанда, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, кірістер және т.б.

Отбасы құрамы өзгермеген жағдайда тағайындауға өтініш қолда бар деректер негізінде қалыптастырылады. Ол үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері 1-тоқсанда АӘК алған азаматтар үшін өз бетінше өтініш жасайды және АӘК тағайындау өлшемдеріне сәйкестігін тексереді.

Барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жіберіледі.

1-тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы өтініш жіберу қажет. Әрі қарай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері құжаттарды мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында тексеріп, нәтижесін электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарлайды.

Бұл ретте учаскелік комиссиялар көшпелі тексерулер жүргізбейді. Барлық қажетті құжаттарды азаматтардан электрондық пошта арқылы немесе мессенджерлер арқылы сұратады.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері елімізде 102,4 мың отбасы немесе 527,6 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алады. АӘК алушылардың 41,5 %-ын көп балалы отбасылар құрайды.

Ақпарат көзі: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы