424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавируске қатысты ресми ақпарат тарату үшін бірқатар сайт іске қосылды

  • 528
  • UPD: 14:44, 27.03.2020
Коронавируске қатысты ресми ақпарат тарату үшін бірқатар сайт іске қосылды

Коронавирус пандемиясына қатысты ресми ақпарат тарату үшін елімізде бірнеше мобильді қосымша мен сайттар іске қосылды.

Мәселен індет туралы соңғы мәліметті «коронавирус 2020» сайтынан алуға болады. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі телеграм-бот әзірледі. Бүгінде оған 17 мың адам тіркелген. Ол арқылы коронавирустан қорғану жолдарын білуге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі мен Семей медициналық университеті бірігіп індеттің алғашқы белгілерін анықтайтын анкета жасады. Яғни өз денсаулығына күмәнданған кез келген адам анонимді түрде онлайн сауалнамадан өтуіне болады. Нәтижесі бойынша не істеу керектігі туралы нұсқау беріледі. Сонымен қатар интернетте коронавирусты жұқтырған адамдармен тікелей байланыста болғандардың мекен-жайын көрсететін карта іске қосылды. 

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Коронавирус деген адамнан адамға ғана емес, адамның ұстаған телефоны арқылы немесе тұтқасы болын, баспалдақ болсын сол арқылы жұғады. 2 сағаттан 24 сағатқа дейін сол жерде қала береді. Біздің мақсатымыз сол үйде егер контактный белгіленген болса кішкене байқау қажетсіз. Ол нүктелер егер сол кісі 14 карантинде бітетін болса ол нүкте жойылып кетеді.

Хабар 24 телеарнасы