399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде уақытша әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі бекітілді

  • 430
  • UPD: 18:11, 28.03.2020
Елімізде уақытша әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі бекітілді

Елімізде төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем жасау механизмі бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған орай табыссыз қалғандар айына 42500 теңге алып отырады. Бірінші кезекте жұмыс беруші ақысыз демалысқа жіберген жұмысшылардың тізімін жасауы керек. Сондай-ақ, еңбек демалысын төлей алмайтындығын растайтын құжаты болуы тиіс. Оған жұмыс берушінің қаржылық есептері кіреді. Осының барлығы электронды үкімет порталы арқылы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына беріледі. Бұл өтінішті әлеуметтік сақтандыру қоры тексереді. Содан кейін ғана қызметкердің шотына төлем түседі. Тағы бір талап, әр қызметкердің шотында соңғы үш ай бойы тұрақты түсімі болуы тиіс.

Гүлбағила Болатбекова, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның департамент директоры:

– Бұл жерде ақысыз демалыс пен жұмысынан қысқартылған азаматтар екі категория екенін ұмытпаңыздар. Әлеуметтік төлемді орташа айлығының 40% алу үшін жұмыскер өзі өтініш береді. Ал жаңағы 42500 теңге ақысыз демалыста отырған азаматтар алады. Олар үшін жұмыс берушілер өтініш береді.

Кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, төтенше жағдай енгізілгеннен кейін елорданың 3 мыңға жуық тұрғыны ақысыз еңбек демалысына жіберілген. Ал кәсіпкерлердің 70 проценті өз жұмысын ішінара немесе толық тоқтатқан.

Хабар 24 телеарнасы