411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пластикті ыдырататын микроағза табылды – The Guardian

  • 207
  • UPD: 23:14, 29.03.2020
Пластикті ыдырататын микроағза табылды – The Guardian inform.kz

 Ғалымдар пластик қалдықтарын жинайтын қоқыс орнында полиуретанды ыдырата алатын бактерия тапты.

Бұл пластик қалдықтарын өңдеу индустриясына жаңа леп беруі мүмкін, деп хабарлайды Қазақпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Автордың айтуынша, бұл полиуретанды ыдырата алатын алғашқы бактерия.

«Жыл сайын миллиондаған тонна пластик өндіріледі. Дегенмен, қалдықтар утилизацияланбай, қоқысқа жіберіледі. Мұның себебі – пластикті өңдеу өте қиын», - деп жазады автор. Оның жазуынша, негізінен пластиктің ыдырауы кезінде көптеген бактериялар тірі қалмайды. Дегенмен, жақында табылған микроағза бұл процеске төзімді болып шықты.

«Енді ғалымдар микроағза көмегімен пластик қалдықтарын өңдеуге кірісу үшін көптеген жұмыс атқаруы тиіс. Бұл жаңалық полиуретан өнімдерді утилизациялауға мүмкіндік беретін маңызды қадам», - дейді зерттеу тобысын мүшесі, Экологиялық зерттеулер орталығының ғалымы Герман Хайпипер. Оның айтуынша, бұл жаңалық проблеманы шешеді деп босаңсуға болмайды, керісінше, пластикті тастамай, қоршаған ортаны ластамаған жөн.

Айта кету керек, 1950 жылдан бері әлемде 8 миллиард тоннадан астам пластик өндірілген және оның көп бөлігі қазіргі таңда табиғатты ластап жатыр. Ғалымдар пластик табиғи ортаны улайтынын да айтып дабыл қағып жүр. 

 

Хабар 24 телеарнасы