414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жылы ауа райы коронавирусқа қалай әсер етеді

  • 2214
  • UPD: 11:14, 30.03.2020
Жылы ауа райы коронавирусқа қалай әсер етеді

Ресейдің гидрометеорологиялық орталығының ғылыми жетекшісі Роман Вильфанд коронавирустың таралуына климаттың әсер ету ықтималдығын бағалады.

Ол коронавирустың таралу жылдамдығы климатқа тікелей байланысты екендігіне күмәнды. Себебі ауа райы ыстық елдерде де коронавирус өршіп тұр.

«Таиландта ауа температурасы шамамен +30 градус болса да, коронавирус белсенді таралып жатыр. Таяу Шығыста, Түркияда, Израильде, Сирияда температура +25 градусқа жуық, оларда да вирус бар», - деді метеоролог.

Сонымен қатар, Вильфанд күн сәулесінің коронавирус белсенділігіне қандай да бір әсер ететінін айтты. Бірақ мұндай мәлімдеме үшін нақты дәлелдер қажет екенін атап өтті.

Ғалымдардың айтуынша, шамамен нөлден төрт градус жоғары ауа температурасы – коронавирус үшін ең қолайлы ауа райы. Егер дезинфекция жүргізілмесе, ондай ауа райында вирус 14 күн бойы белсенді күйінде қалады.

Хабар 24 телеарнасы