411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төтенше жағдай кезінде жұмыссыздық үшін әлеуметтік төлемдерді қалай алуға болады

  • 812
  • UPD: 11:48, 31.03.2020
Төтенше жағдай кезінде жұмыссыздық үшін әлеуметтік төлемдерді қалай алуға болады

Елімізде төтенше жағдайға байланысты 1 ЕТЖ (42 500 теңге) көлеміндегі төлемді қалай алуға болады?

Егер сіз жұмыс беруші болсаңыз және сіздің қызметкерлеріңіз жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілсе, сізге қызметкерлеріңіз төлем алу үшін өтініш беру қажет:

1. egov.kz порталында авторизациялану;

2. Оң жақ жоғарғы бұрышында өз ТАӘ басу, «Электронды өтініштер» тармағын таңдау;

3. Ашылған терезеде «құру» батырмасын басу;

4.Барлық қажетті өрістерді толтыру. «Мазмұны» жолағында «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау» көрсетілсін;

5. Өтініштің электрондық нұсқасын тіркеу;

6. Қызметкерлер тізімінің электрондық нұсқасын бекіту;

7. ЭЦҚ қол қойып, өтінішті жіберу.

Жауап 3 жұмыс күні ішінде egov.kz-те жеке кабинетке келеді.

Егер сіз жұмыс жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкер болсаңыз:

1. egov.kz порталында авторизациялану;

2. Оң жақ жоғарғы бұрышында өз ТАӘ басу, «Электронды өтініштер» тармағын таңдау;

3. Ашылған терезеде «құру» батырмасын басу;

4. Барлық қажетті өрістерді толтыру. «Мазмұны» жолағында «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау» көрсетілсін;

5. Өтініштің электрондық нұсқасын тіркеу;

6. Өзін көрсете отырып, тізімнің электрондық нұсқасын бекіту;

7. ЭЦҚ қол қойып, өтінішті жіберу.

Жауап 3 жұмыс күні ішінде egov.kz-те жеке кабинетке келеді.

Егер сіз өз-өзіңізге ресми түрде жұмыс істеп әлеуметтік немесе зейнетақы жарналарын төлесеңіз:

1. egov.kz порталында авторизациялану;

2. Оң жақ жоғарғы бұрышында өз ТАӘ басу, «Электронды өтініштер» тармағын таңдау;

3. Ашылған терезеде «құру» батырмасын басу;

4. Барлық қажетті өрістерді толтыру. «Мазмұны» жолағында «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау» көрсетілсін;

5. Өтініштің электрондық нұсқасын тіркеу;

6. Өзін көрсете отырып, тізімнің электрондық нұсқасын бекіту;

7. ЭЦҚ қол қойып, өтінішті жіберу.

Жауап 3 жұмыс күні ішінде egov.kz-те жеке кабинетке келеді.

Егер сіз өз-өзіңізге бейресми түрде жұмыс істеп, қандай да бір аударымдарды жасамаған болсаңыз (мысалы, такси жүргізушісі, бала күтуші және т.б.):

1. БЖТ төлеу (қалада 2 651 теңге, ауылдық аудандарда 1 325,5 теңге). Мұны «Қазақстан Халық банкі», Forte Bank, JusanBank, «Сбербанк», «Банк Центр кредит», «Каспи банк» банктерінің мобильді қосымшаларында, банктер мен Қазпошта бөлімшелерінде, сондай-ақ SMS арқылы жасауға болады.

2. egov.kz порталында авторизациялану;

3. Оң жақ жоғарғы бұрышында өз ТАӘ басу, «Электронды өтініштер» тармағын таңдау;

4. Ашылған терезеде «құру» батырмасын басу;

5. Барлық қажетті өрістерді толтыру. «Мазмұны» жолағында «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау» көрсетілсін.

6. Өтініштің электрондық нұсқасын тіркеу;

7. Өзін көрсете отырып, тізімнің электрондық нұсқасын бекіту;

8. ЭЦҚ қол қойып, өтінішті жіберу.

Жауап 3 жұмыс күні ішінде egov.kz-те жеке кабинетке келеді.

Егер сіз жұмыстан босатылсаңыз, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс табуға көмектеседі.

Егер жұмыс табылмаса, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем төленуі мүмкін.

1. egov.kz порталында авторизациялану;

2. Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

3. Қызметті онлайн тапсырыс беріп, барлық алаңдарды толтырыңыз және ЭЦҚ қол қойып, өтінімді жіберіңіз;

4. 3 күн ішінде сіз жұмыс (қашықтан) табуға тырысыңыз. Мұны Жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынатын enbek.kz сайтынан жасай аласыз;

5. Егер осы уақыт ішінде жұмыс табылмаса, азаматқа қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі;

6. Төлем автоматты түрде тағайындалады және жалақының 40 пайызын құрайды.

Хабар 24 телеарнасы