423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сәуір айында ауа райы қандай болады

  • 1136
  • UPD: 10:09, 01.04.2020
Сәуір айында ауа райы қандай болады Час Пик

Сәуір айында ауа райы жылы және жауын-шашынды болады күтіледі.

Осы айдың ішінде барикалық құрылымдардың жиі ауысуымен және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, көбінесе жаңбыр, екпінді жел және температураның ауытқуы күтіледі.

Бірінші онкүндіктің басында температураның негізгі фоны:

ҚР солтүстік жартысында түнде -5+5°C, күндіз +7+18°С құрайды;

оңтүстік жартысында түнде +5+13°C, күндіз +15+23°С, қиыр оңтүстікте +28°С.

Онкүндіктің ортасында Ресейдің еуропалық аумақтарынан антициклонның келуіне байланысты ауа температурасының солтүстік жартысында түнде – -3-8°С-қа дейін, күндіз – +2+10°C-қа дейін, оңтүстік жартысында антициклонның ықпалы және ауа температурасының төмендеуі онкүндіктің соңында болжануда, түнде термометрлердің сынап бағаналары – +3+8°C-қа дейін, күндіз – +10+15°С-қа дейін, шеткі оңтүстігінде 22°С-қа дейін төмендейді.

Екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында екі суыту толқыны күтіледі және ауа температурасы төмендейді:

солтүстік жартысында түнде – -3 +7°С-қа, күндіз +2+13°С-қа дейін;

оңтүстік жартысында түнде – 0, +10°С-қа, күндіз + 12 +22°С-қа дейін.

Екінші және үшінші онкүндікте жылы ауа массасын шығару арқылы күндізгі уақытта солтүстік өңірлерде +17+22°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +25+30°С-қа дейін температуралық аяның жоғарылауы байқалатын болады.

Ескерту: сәуір айына арналған консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын болады.

Ақпарат көзі: Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасы

Хабар 24 телеарнасы