430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Уақытша жабылатын ел шекарасындағы өткізу бекеттер тізімі

  • 356
  • UPD: 18:02, 02.04.2020
Уақытша жабылатын ел шекарасындағы өткізу бекеттер тізімі

4 сәуірден бастап ел шекарасындағы бірқатар өткізу бекеті уақытша жабылады, деп «Хабар 24» Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми сайтта жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Қытаймен шектесетін үш, Ресеймен он, Қырғыз елімен бес және Өзбекстанмен шектесетін 2 шекарадағы өткізу бекеті жұмысын тоқтатады. Сондай-ақ енді ел ішінде жолаушыларды тасымалдайтын көліктердің қозғалысы да толығымен шектеледі. Пойыздар өз орындарына қайтып жатыр. Алдын ала билет сатып алған жолаушыларға ақшалары қайтарылады.

ҚХР шектесетін бекеттер:

Қалжат

Бақты

Майқапшағай

Ресей федерациясымен шектесетін бекеттер:

Қондыбай

Ақбалшық

Қызылжар

Найза

Жезкент

Байтанат

Қоянбай

Орда

Шаған

Қарашатау

Қырғыз республикасымен шектесетін бекеттер:

Ауқатты

Қордай

Сыпатай батыр

Сартөбе

Кеген

Өзбекстан республикасымен шектесетін бекеттер:

Целинный

Сырдария

Хабар 24 телеарнасы