417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 42 500 теңге әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз қалай алуға болады

  • 814
  • UPD: 12:03, 03.04.2020
Елімізде 42 500 теңге әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз қалай алуға болады

Төтенше жағдайға байланысты табыссыз қалған адамдарға берілетін 42 500 теңге төлемақыны электрондық цифрлық қолтаңбасыз да алуға болады.

Ол үшін:

1. eGov порталының алғашқы бетіндегі Сервистер бөлімінен «ТЖ кезінде 42500 теңге төлеу» қызметін таңдау керек;

2. Жүйеге кіру үшін ұсынылған нұсқалардың ішінен ЖСН мен телефон нөмірін енгізе отырып, «Бір реттік құпия сөзді» таңдау;

3. SMS арқылы келген сандар комбинациясын енгізгеннен кейін «Әрі қарай» батырмасын басу; 

4. «Өтініміңіздің өңделу үстінде» екені туралы ақпарат көрсетіледі;

5. Нәтижені порталдағы Жеке кабинетіңізден көре аласыз.

Егер жүйе мобильді азаматтар базасында тіркелмегеніңізді хабарласа, сол бетте көрсетілген сілтеме арқылы тіркелу керек.

Тіркелу не үшін қажет?

Сізге тиесілі әлеуметтік төлемге өзге бiреу ие болмауы үшін жүйеге телефон нөміріңізді көрсету арқылы өзіңіз екеніңізді растайсыз.

Мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін сізді бейнеқоңырау арқылы ХҚКО операторымен байланыстырады, ол сіздің нөміріңізді базаға енгізеді.

Осыдан кейін бір реттік құпия сөз арқылы өзіңіз екеніңізді растап, қызметті алу үшін жоғарыда сипатталған қадамдарды орындай аласыз.

Ақпарат көзі: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Хабар 24 телеарнасы