420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қандай дәріханалардан бетперде мен антисептикалық құралдар сатып алуға болады

  • 953
  • UPD: 15:01, 03.04.2020
Елордада қандай дәріханалардан бетперде мен антисептикалық құралдар сатып алуға болады

Елорданың дәріханаларында медициналық бетперделер мен антисептикалық құралдарға деген сұраныс айтарлықтай төмендеді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бетперделер мен антисептикалық құралдар қаланың дәріханаларына уақытында жеткізілгендіктен, сауда орындарында ұзын-сонар кезек байқалмайды.  

«Бетперделер, қолғаптар, антисептикалық құралдар жеткілікті. Біздің дәріхана бұрынғы кестеге сәйкес жұмыс істеуде. Ұзын-сонар кезек жоқ. Барлық тауарлар бізге уақытында жеткізіледі»,  – дейді елорда дәріханалары қызметкерлерінің бірі Динара Аманбаева.

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының айтуына қарағанда, бетперделер мен антисептикалық құралдарды олар еш қиындықсыз үйлерінің жанындағы дәріханалардан сатып алуда.

«Бетперделерді мен үйдің жанынан 70 теңгеге сатып алдым. Тапшылық, ұзын-сонар кезек жоқ. Бетперделер де, антисептикалық құралдар да, қолғаптар да сатылымда», – деді елорда тұрғыны Алтыншаш.

«Мен бетперделерді сатып алу үшін келдім, барлығы сатылымда. Кезек те жоқ, жағдай бір қалыпты. Дәріханалардың алыпсатарлық ниеті жоқ. Бағалар да көтерілмеген», – деді сауалнама сұрақтарына жауап берген тағы да бір қала тұрғыны Қанат.

Бұдан бұрын бетперделерді мына мекенжайлар бойынша кезексіз сатып алуға болатындығы хабарланды:

Тұран даңғылы, 37;

 Достық көшесі, 18;

Сарыарқа даңғылы, 3;

Қонаев көшесі, 14/2;

Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 3;

Қабанбай батыр даңғылы, 21;

№ 90 дәріхана, Момышұлы даңғылы, 16;

Тәуелсіздік даңғылы, 21/4;

Шәймерден Қосшығұлұлы, 3/1;

Мәңгілік ел даңғылы, 19;

Сарайшық көшесі, 5;

Қаныш Сәтбаев көшесі, 23/1;

Жансүгірұлы көшесі, 8/1;

Мәңгілік ел даңғылы, 53;

Мәңгілік ел даңғылы, 35;

Ұлы Дала даңғылы, 6/1;

Бараев көшесі, 21;

Сауран көшесі, 3/1;

№276 дәріхана, Рысқұлбеков көшесі, 16/3;

Кеңесары көшесі, 47;

Иманбаева көшесі, 8;

Жанайдар Жирентаев көшесі, 2;

№280 дәріхана, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 16;

Сығанақ көшесі, 15;

Иманов көшесі, 50;

№62 дәріхана ПТ, Алаш, 23/1;

Тұран даңғылы, 55;

Тәуелсіздік даңғылы, 32.

Хабар 24 телеарнасы