414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қашықтан оқыту: 1 миллионға жуық қолданушы электронды платформаларды пайдаланды

  • 162
  • UPD: 12:39, 06.04.2020
Қашықтан оқыту: 1 миллионға жуық қолданушы электронды платформаларды пайдаланды salem.su

Қазақстан оқушылары қашықтан білім ала бастады.

Бүгін таңертең сағат 9-дан бастап бастауыш сыныптарына теледидардан сабақ өтті, 1 миллионға жуық қолданушы электронды платформаларды пайдаланды.

Теледидардағы әр сабақ 10 минуттан болады. Бұл формат тек жаңа сабақты түсіндіру үшін ғана пайдаланылады. Әрі қарай сабақ барысын оқушы тиісті платформалар арқылы мұғаліммен кері байланыс жасап жалғастырады.

Ал 6-10 сәуір аралығындағы бейнесабақтар кестесін мына сілтемеден көре аласыздар.

Ақпарат көзі: Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Хабар 24 телеарнасы