427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 336
  • UPD: 14:09, 06.04.2020
<span class=favorites>Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды</span> weekend.bugin.kz

Синоптиктердің болжауынша, 6 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында тұман түседі, 7 сәуірде түнде оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с, күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 8 сәуірде түнде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м / с, күндіз 15-20 м /с.

7 сәуірде Қарағанды облысында жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан артық, 8 сәуірде кей жерлерде 15-20 м/с.

7 сәуірде Қостанай облысында солтүстік-батыстан, батыстан кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, 23-28 м/с жел соғады, екпіні 30 м/с және одан да көп, 8 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан кей жерлерде 15-20 м/с.

7 сәуірде түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 7, тәулік 8 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 30 м/с және одан да көп.

8 сәуірде Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуде. Түнде ауа температурасының 0-8 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларға назар салыңыз және қажетті сақтық шараларын сақтаңыз:

- дауылдан жер асты өткелдерінде, кіреберістерде, дүкендерде жасырынуға болады. Жарнама қалқандарының, ағаштардың, бағандардың артында, үй қабырғаларының жанында, шатырларда жасырынуға, сондай-ақ электр беру желілерінің астында тұруға болмайды.

- автокөлікті ағаштардың, билборд құрылымдар мен электр құрылғыларының астына тұраққа қоймаңыз.

Ақпарат көзі: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы