411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қандай топтағы адамдардың денсаулығы коронавирусты көтере алмайтыны анықталды

  • 192
  • UPD: 18:15, 06.04.2020
Қандай топтағы адамдардың денсаулығы коронавирусты көтере алмайтыны анықталды

Қытайлық дәрігерлер коронавируспен ауыратын науқастардың ішіндегі әлсіз топтарды анықтады, деп хабарлады ria.ru.

ATS қоғамының журналында жарияланған есепте COVID-19-дан болған өлім-жітімнің көпшілігі жұқпалы емес созылмалы аурулары бар 50 жастан асқан ер адамдар арасында болғаны айтылған. Мысалы, қант диабеті, жүректің ауруы немесе гипертония.

Зерттеу авторлары Уханьдағы екі ауруханада болған 85 өлім жағдайын зерттегеннен кейін осындай қорытындыға келді. Науқастардың орташа жасы 65,8 жасты құрады, олардың 72,9 %-ы ер адамдар.

Хабар 24 телеарнасы