425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

  • 311
  • UPD: 10:50, 07.04.2020
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

7-10 сәуір аралығында Алматы маңында жауын-шашын жауады деп болжанған. Жылымықтын әсерінен қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Кіші және Үлкен Алматы (2000 метр биіктігінен жоғары аумақта) өзендері су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін.

«Көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы беткейлерге шықпағандарыңыз жөн. Тауда абай болыңыздар» деп ескертеді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы