411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көлікті онлайн тіркеуге мүмкіндік беріледі

  • 195
  • UPD: 12:46, 07.04.2020
Көлікті онлайн тіркеуге мүмкіндік беріледі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов қазақстандықтарға көлікті онлайн түрде тіркеуге мүмкіндік берілетінін айтты.

«Алдағы уақытта танымал қызметтің бірі - автокөлікті тіркеуді онлайн режимге ауыстырамыз. Бұл автокөлік салонынан сатып алынған көліктерге қатысты. Егер сіз көлігіңізді басқа азаматқа сатып, оны қайта тіркегіңіз келсе, оны электронды үкіметтің порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында жүзеге асыруға болады», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 

Хабар 24 телеарнасы