405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Адам ағзасындағы қандай дәрумен коронавирусқа қарсы күресе алады

  • 936
  • UPD: 15:05, 07.04.2020
Адам ағзасындағы қандай дәрумен коронавирусқа қарсы күресе алады

Ирландиялық ғалымдар ағзадағы қандай дәруменнің тапшылығы коронавирусты күшейтуі мүмкін екенін анықтады.

D витамині иммундық жүйенің респираторлық инфекцияларға, соның ішінде COVID-19-ға төзімділігі үшін жауап береді.

«Біз жүргізген зерттеу ағзасында D дәрумені аз адамдардың инфекцияға қарсы иммундық реакцияның әлсірейтінін көрсетті», - деді дәрігер Имон Лэйрд.

Ғалымдар D дәрумені әсіресе респираторлық инфекциялармен ауыратын қарт адамдар үшін өте маңызды екенін айтты.

D дәруменінің негізгі көзі – күн. Егер адамға күн сәулесі жетіспесе, дәрігерлер ағзаны D дәрумені бар өнімдермен байытуға кеңес береді. Әсіресе, жұмыртқа, бауыр, майлы балық, жарма мен сүт өнімдеріне ерекше мән беру керек.

Хабар 24 телеарнасы