423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін түнде Ай Жерге жақын нүктеге келіп, үлкенірек әрі жарық болып көрінеді

  • 1493
  • UPD: 23:37, 07.04.2020
Бүгін түнде Ай Жерге жақын нүктеге келіп, үлкенірек әрі жарық болып көрінеді therussiantimes.com

Сәуірдің 8-іне қараған түні, яғни, енді бірер сағатта ай толады.

Аспан денесі Жерге жақын нүктеге келіп, әдеттегіден үлкенірек әрі жарық болып көрінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл бойы ол біздің ғаламшарымыздан 384 мың шақырымдай қашықта болса, бүгін түнде екі ара 27 мың шақырымға қысқарады. Сөйтіп, Айдың жүзі 15 есе үлкейіп, бұрынғысынан 30 есеге жарқырай түседі. Мамандар табиғаттың бұл сирек құбылысын әлемнің кез келген жерінен байқауға болатынын айтады. Себебі, ай осы қалыпта бірнеше күн сақталады.

Хабар 24 телеарнасы