427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус азық-түлік қаптамасы арқылы жұғуы мүмкін бе – маман кеңесі

  • 984
  • UPD: 11:07, 08.04.2020
Коронавирус азық-түлік қаптамасы арқылы жұғуы мүмкін бе – маман кеңесі

Вирустар азық-түлік қаптамаларында бірнеше күн өмір сүруі мүмкін.

Бұл туралы пульмонолог-дәрігер Сюзанна Хуггетт айтып берді, деп хабарлады Bild.

Басылым вирустың әртүрлі қаптамада қанша уақыт өмір сүретіні туралы мысал келтіреді.

Пластик: коронавирус мұндай қаптамада 72 сағатқа дейін сақталуы мүмкін.

Қағаз, картон: мұндай қораптарда коронавирус 24 сағатқа дейін өмір сүреді.

Мұздатылған өнімдер: коронавирус суықтан өлмейді, сондықтан вирус түскен тоңазытқыштағы өнімдер ұзақ уақытқа дейін қауіпті болуы мүмкін.

Көкөністер мен жемістер: зерттеулерге сәйкес, вирус көкөністер мен жемістердің сыртқы қабығында бірнеше сағат сақталады.

Дәрігер үйге келген соң дүкеннен әкелінген азық-түлік қораптарын тазартуға кеңес берді.

«Иммунитеті төмен адамдар тауарлардың қаптамалары арқылы вирусты жұқтыруы мүмкін», - дейді Хуггетт.

Сонымен бірге сарапшы қаптамаларды қалай залалсыздандыру керек екені туралы кеңес берді.

Қағаз қаптамалар: сатып алғаннан кейін тағамның қамтамасын алып тастау мүмкін болмаса, оны таза ауа мен күн сәулесі түсетін жерге, мысалы балконға қоя тұру керек.

Пластик қаптама: оны алып қоқысқа тастау керек немесе дезинфекциялық затпен мұқият жуған жөн.

Қаптамасыз өнімдер: оларды жуу керек, негізінен қабығын алып тастаған дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы