429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда АЕК пен ең төменгі зейнетақы өседі

  • 1180
  • UPD: 17:48, 08.04.2020
Қазақстанда АЕК пен ең төменгі зейнетақы өседі

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі зейнетақы өседі.

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заңға өзгертулер енгізілді.

Енді 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап:

– айлық есептік көрсеткіш – 2 778 теңге (2020 жылдың 1 қаңтарынан бері 2 651 теңге еді);

– ең төменгі зейнетақы – 40 441 теңге (2020 жылдың 1 қаңтарынан бері 38 636 теңге еді);

– күнкөріс деңгейі – 32 668 теңге (2020 жылдың 1 қаңтарынан бері 31 183 теңге еді);

– базалы зейнетақының ең төменгі мөлшері – 17 641 теңге (2020 жылдың 1 қаңтарынан бері 16 839 теңге еді);

– ең төмен жалақы – 42 500 теңге.

Хабар 24 телеарнасы