423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар қандай әуендер емтиханды сәтті тапсыруға әсерін тигізетінін зерттеді

  • 417
  • UPD: 11:40, 10.04.2020
Ғалымдар қандай әуендер емтиханды сәтті тапсыруға әсерін тигізетінін зерттеді

Классикалық музыканың адам мен жануарлар ағзасына жағымды әсер етуіне байланысты көптеген зерттеулер жүргізілді.

Бұл жолы АҚШ ұлттық ғылыми қоры мен Бейлор университетінің ғалымдары классиканы тыңдау емтихан тапсыруға жақсы әсер ететінін анықтады. Бұл туралы Technology Networks хабарлады.

Мамандар 18 бен 33 жас аралығындағы 50 студенттің арасында эксперимент жүргізді. Онлайн дәріс барысында студенттерге Бетховеннің, Шопеннің және Вивальдидің әуендерінің үзінділері қосылып тұрды.

Сол күні түнде Бейлор университетінің ұйқы зертханасында зерттеушілер экспериментке қатысушылардың ұйқы режимін компьютер мен электродтар көмегімен басқарды. Олардың 50%-ына ұйықтап жатқан кезде 15 минут бойы классикалық музыка, ал қалғандарына ақ шуыл қосылды.

Нәтижесінде вальс пен сонатаны тыңдағандар келесі күні емтиханды 18%-ға жақсы тапсырып шыққан.

Хабар 24 телеарнасы