418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Барлық сақтық шарасын сақтаған жағдайда баламен серуендеуге болады

  • 282
  • UPD: 17:07, 13.04.2020
Барлық сақтық шарасын сақтаған жағдайда баламен серуендеуге болады

Баламен сыртта серуендеуге болады. Бірақ бұл үшін барлық сақтық шарасы сақталуы тиіс.

Бұл туралы «Хабар 24» арнасындағы брифингте ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлімдеді.

Бюрабекованың айтуынша, балада жеке қорғаныс құралдары мен антисепиктің болғаны жөн және қасында ең көбі 2 адам болуы тиіс. Басқа адамдармен 2 метрге дейінгі арақашықтық сақталуын қадағалау керек.

Айта кету керек, тілшілер Бюрабековадан сыртта аутист балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардан өзге балалармен серуендеуге бола ма деген сұрақ қойған болатын.

Хабар 24 телеарнасы