420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус кезінде болатын асқынулардың алдын алуға болады – дәрігер

  • 327
  • UPD: 15:35, 20.04.2020
Коронавирус кезінде болатын асқынулардың алдын алуға болады – дәрігер

Вирджиния университетіндегі медицина ғылымдарының докторы Чжен Ян тұрақты физикалық жаттығулар коронавируспен ауырғанда өлім жағдайына апаратын тыныс жетіспеушілігінің алдын алатынын немесе төмендететінін хабарлады.

Дәрігердің айтуынша, физикалық жаттығулар «жасушадан тыс супероксиддисмутаза» (EcSOD) деп аталатын күшті антиоксидантты құра алады. Ол ағзаны зиянды радикалдардан қорғайды және әртүрлі аурулардың пайда болуына жол бермейді.

Сондай-ақ көптеген аурулармен ауырған кезде (өкпе аурулары, жүректің ишемиялық аурулары, бүйрек ауруы) антиоксидант тапшылығы байқалады.

Дәрігердің айтуынша, тіпті бір жаттығу жасаудың өзі қажетті антиоксиданттың өндірісін арттыра алады.

Тұрақты дене жаттығулары адам ағзасына пайдалы және жедел респираторлық аурулардан қорғайды.

Зерттеу кезінде белгілі болғандай, АҚШ-та коронавирустық инфекциямен ауруханаға жатқызылған науқастардың 20-42%-ы жедел респираторлық дистресс синдромымен ауырады, ал олардың 67-85%-ы жансақтау бөлімінде жатыр.

Хабар 24 телеарнасы