420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


20 сәуірден бастап жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қандай талап қойылады?

  • 264
  • UPD: 16:04, 20.04.2020
20 сәуірден бастап жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қандай талап қойылады?

Елордада 20 сәуірден бастап қайта ашылатын кәсіпорындардың жұмыс алгоритмі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті жұмыс орыны мен коммуникациялық нысандардағы жұқпалы аурулар бойынша қадағалау бөлімінің басшысы Гүлнар Қалиева айтып берді.

«Құрылыс нысандарының жұмысы тәулік бойы, ал өнеркәсіп кәсіпорындары, өндіріс орындарының жұмысы - 8:00-18:00 аралығында жүргізілуі тиіс. Екіншіден, әкімшілік бөлім, есепшілер, экономистер сынды техникалық процеске қатыспайтын, үйден жұмыс істей алатын қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру қажет», - деді Г. Қалиева онлайн брифингте. Сонымен бірге өндірістік процестегі барлық қызметкердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.

«Қоғамдық көлік уақытша тоқтағандықтан өндіріс орындарына жұмысшылар арнайы көлікпен жеткізілуі тиіс. Қорғаныс маскасы жоқтар жұмыс аумағына кіре алмайды. Кей жерлерде қолғаптың да болуы міндеттелген. Жұмысшылар ең алдымен бақылау-өткізу бекетінде дене қызуын өлшетеді. Мұнда денеге жанаспайтын термометр аппараттары алынуы тиіс. Дене қызуы байқалған адамдар дереу оқшауланып, жедел жәрдем қызметі шақырылуы тиіс», - деді Г. Қалиева.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мемлекеттік комиссиясы бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын бастайтын кәсіпкерлік субъектілердің тізімін бекітті. Тізімде өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері, көлік, қойма компаниялары, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар, автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшек дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу және екінші деңгейлі банктер бар.

Хабар 24 телеарнасы