432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Темекі шегетін адамдарда коронавирустың асқыну қаупі 14 есе жоғары болады – зерттеу

  • 435
  • UPD: 18:00, 21.04.2020
Темекі шегетін адамдарда коронавирустың асқыну қаупі 14 есе жоғары болады – зерттеу

Халықаралық ғалымдар тобы коронавирустың көбінесе темекі шегетін адамдарда асқынатынын және оларда өлім қаупі жоғары болатынын мәлімдеді.

Бұл туралы Medical Xpress хабарлады.

Мамандар қытайлық клиникада 73 пациенттің жағдайын зерттеген. Зерттеу көрсеткендей, темекі шегетін науқастарда COVID-19-дың асқыну ықтималдығы 14 есе жоғары болады.

«Коронавирус негізінен өкпеге әсер ететіндіктен, тыныс алу жүйесін әлсірететін кез-келген нәрсе асқыну қаупін арттырады», - дейді зерттеуге қатысушылардың бірі, дәрігер Мэтью Стелига.

Дәрігер темекі шегу тыныс алу жолдарының шырышты қабатын қалыңдататынын, одан соң деммен жұтылған бактериялар мен вирустарды жоюды қиындататынын айтты.

Тіпті темекі түтінін кездейсоқ жұту да қауіп тудырады.

Хабар 24 телеарнасы