430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WhatsApp видеоқоңырауларға қойылатын шектеулерін өзгертті

  • 371
  • UPD: 10:03, 23.04.2020
WhatsApp видеоқоңырауларға қойылатын шектеулерін өзгертті

WhatsApp мессенджерінің құрастырушылары топтық бейне және аудио қоңырауларға қатыса алатын пайдаланушылар санын екі есеге арттырды.

Бұрын төрт адам қатыса алса, енді сегіз адам топтық аудио немесе видеоқоңырау арқылы бір мезгілде сөйлесе алады. Бұл туралы WABetaInfo порталы хабарлады.

Айта кетсек, қазіргі уақытта мессенджердің iOS және Android операциялық жүйелеріндегі мәтіндік нұсқаларына қойылатын шектеулер көбейді.

Бұған дейін WhatsApp хабарламалар таратуға шектеу енгізгенін жаздық.

Хабар 24 телеарнасы