423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төтенше жағдай кезінде кәсіп ашқысы келетіндердің өтінімдері қарала ма

  • 350
  • UPD: 12:58, 23.04.2020
Төтенше жағдай кезінде кәсіп ашқысы келетіндердің өтінімдері қарала ма

Өз кәсібін дөңгелетуге ниетті азаматтардың өтінімдері төтенше жағдай кезінде де қаралады.

Бұл туралы «Даму» КДҚ» АҚ мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету департаментінің директоры Гүлсая Зейнелғабдина ОКҚ брифингтінде мәлімдеді.

Ол төтенше жағдай кезінде де жас кәсіпкерлер өз өтінімдерін жіберуіне болатынын айтып өтті.

«Бізде жас кәсіпкерлікке арналған бағдарламалар бар. Төтенше жағдай кезінде де жұмысын жалғастырып жатыр. Жас кәсіпкерлер үшін «Еңбек» бағдарламасы бар. Ол арқылы кәсіпкерлер 6 пайызбен несие ала алады. Заим құны 6,5 МРП-мен 8 МРП аралығын құрайды. Заим мерзімі – 5 жыл», - деді.

Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы туралы айтып өтті.

«Бұл бағдарламаның аясында жас кәсіпкерлерге де қолдау көрсетеміз. Бұл бағдарлама бойынша жас кәсіпкер бірінші бағыт бойынша несие ала алады. Егер ауылда немесе моноқалаларда кәсібін жүзеге асыратын болса, 750 млн теңгеге дейін, қалада жүзеге асыратын болса, 7 млрд теңгеге дейін несие беріледі», - деді «Даму» КДҚ» АҚ мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету департаментінің директоры.

Хабар 24 телеарнасы