425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы Қорғалжын тас жолында 30 сәуірге дейін қозғалыс жартылай жабылады

  • 301
  • UPD: 14:55, 23.04.2020
Елордадағы Қорғалжын тас жолында 30 сәуірге дейін қозғалыс жартылай жабылады

Шара құрылыс жұмыстарына байланысты қабылданды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қорғалжын тас жолының Ш.Айтматов көшесімен қиылысатын аумағында ТМ-55 және ТМ-48 жылу магистральдары арасындағы бөгет салу аясындағы жұмыстарды бастау жоспарлануда.

«Осыған байланысты 23-30 сәуір аралығында аталған учаскеде, қоса берілген схемаға сәйкес, Қорғалжын тас жолы бойымен Үркер ауданына қарай автокөлік қозғалысы шектеледі», – делінген қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарламасында.

Мамандар елорда тұрғындары мен қонақтарын маршруттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы