429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пандемиядан кейінгі саяхат: қандай өзгерістер болады

  • 494
  • UPD: 11:42, 30.04.2020
Пандемиядан кейінгі саяхат: қандай өзгерістер болады

Туристік The Points Guy онлайн порталының бас директоры Брайан Келли коронавирус пандемиясы аяқталғаннан кейін саяхат жасауда қандай өзгерістер болатынын айтты. 

Сарапшының пікірінше, елдер арасындағы рейстер қалпына келтірілгеннен кейін туристердің қоятын талаптары көбейеді.

«Саяхатшылар өздерінің қонақ үйлердегі бөлмелерінің мұқият тазалануына аса мән береді және ұшақта да бір-біріне жақын отырудан қашқақтайтын болады», - деді Брайан Келли.

Сонымен қоса болашақта әлем бойынша қоғамдық орындарда бетперде мен қолғап киіп жүру, ұшақтағы орындықтарды дезинфекциялау қалыпты жағдайға айналатынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы