424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің кейбір өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

  • 459
  • UPD: 14:28, 30.04.2020
Еліміздің кейбір өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды Fotostrana

1 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Түнде кей жерлерде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: 1 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.

Көкшетау қ.: 1 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

1 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: 1 мамырда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 күтіледі.

Петропавл қ.: 1 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы