421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында үсік сақталады

  • 335
  • UPD: 16:44, 04.05.2020
Қарағанды облысында үсік сақталады twitter.com

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, үш облыста жел тұрып, найзағай ойнайды.

Түнде 6 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде 1-6 градусқа дейін үсік сақталады.

Күндіз 5 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын жел, түнде кей жерлерде, күндіз көп бөлігінде 15-20 м/с.

Атырау қ.: күндіз 5 мамырда шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

5 мамырда Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Орал қ.: 5 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 75-95%.

Хабар 24 телеарнасы