428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантиннен кейінгі спорттық жүгіру: нені ескерген жөн

  • 340
  • UPD: 15:07, 05.05.2020
Карантиннен кейінгі спорттық жүгіру: нені ескерген жөн

Елдегі карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты екі айға жуық уақыт бойы карантин режимін сақтаған тұрғындар енді таза ауада жаттығып, жүгіре алады.

Спорт дәрігері Евгений Грапов екі айлық спорттық демалыстан кейін жаттығу жасауды және жүгіруді кезең-кезеңімен бастау керектігін айтты, деп хабарлады inAlmaty.kz.

Сарапшының пікірінше, кейбір адамдар денені жүгіруге дайындау кезеңіне көңіл бөлмейді, ол әртүрлі жарақаттарға алып келуі мүмкін. Сондықтан жүгіруді қарапайым жүруден бастаған жөн.

 «Әр адамның денесінің анатомиялық ерекшеліктері мен оның жұмысында айырмашылықтар болады. Таңертең немесе кешке жүгірген жақсы деп нақты жауап беру мүмкін емес. Бірақ жүгіруді ұйқыдан ояна сала, дене қалпына келместен жүгірмеуге кеңес беремін. Сондай-ақ ұйқыға дейін екі-үш сағат бұрын спортпен айналысқан дұрыс», - деп атап өтті сарапшы.

Спорт дәрігерінің айтуынша, жүгіруге бұлшықеттерді, сіңірлерді дайындаудың ең жақсы әдісі – жаяу жүруден бастау. Бұл жарақат алу қаупін азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар жүгіріп болғаннан кейін де денені қыздыру жаттығуларын жасаған жөн.

Сондай-ақ жүгіру уақыты мен қашықтықты да біртіндеп көбейту керек екенін айтып өтті. Егер бұрын аптасына бес-алты рет жүгіретін болсаңыз, енді үш реттен бастау керек. Яғни, ұзақ уақыт демалыстан соң мақсатқа бірден жетуге тырыспаған жөн.

Жүгірген кезде омыртқаға түсетін жүктемені азайту үшін арқаны қалыпты ұстау керек. Басты тік ұстап, ал денені еңкейтпеу немесе артқа шалқайтпау керек. Ал мойын арқа деңгейімен бірден болғаны жөн. Қолдар шынтақ буынында шамамен 90 градус бұрышта бүгілуі керек. Сондай-ақ жүгірген кезде ауызбен және мұрынмен демалуға кеңес берді.

Хабар 24 телеарнасы