418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таңғы астан бұрын су ішудің әсері қандай

  • 406
  • UPD: 11:20, 04.08.2020
Таңғы астан бұрын су ішудің әсері қандай

Су адам ағзасы үшін өте маңызы және ол шай немесе кофеден гөрі денсаулыққа әлдеқайда пайдалы.

Алайда су ішудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Ол туралы неміс дәрігерлері айтып берді.

Дәрігерлердің айтуынша, суды таңертең және аш қарынға ішкен дұрыс. Ояна сала бөлме температурасында тұрған бір стақан суды ішкенде ол ағзадағы токсиндерді шығарып, тазартады. Зат алмасу 24%-ға жылдамдайды, бұл әсіресе артық салмақтан арылу кезінде өте маңызды.

Неміс дәрігерлері тамақтанар алдында 500 мл су ішу қан айналымы мен теріге жағымды әсер ететінін айтады. Таңертеңгі уақытта ішілген су иммундық жүйені тұрақтандырады.

Сонымен, таңғы астан бұрын су ішуді әдетке айналдыру өте пайдалы. Өйткені бұл бүйрек тастарының пайда болуына және қуық инфекциясының дамуына жол бермейді. Сондай-ақ қыжылға қарсы көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы