428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 359
  • UPD: 17:28, 05.05.2020
Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды Kaskelen.kz

6 мамырда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Орал қ.: 6 мамырда күндіз найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.

********

6 мамырда Түркістан облысының таулы аудандарында түнде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 6 мамырда түнде және таңертең найзағай, дауыл күтідеді.

Түркістан қ.: 6 мамырда шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

*******

6 мамырда Ақмола облысында түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: түнде 06 мамырда топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Көкшетау қ.: түнде 06 мамырда топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

*******

6 мамырда Алматы облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Талдықорған қ.: күндіз 6 мамырда солтүстік-шығыстан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

*******

Түнде 6 мамырда Павлодар облысының үсік 1-6 градус сақталады.

*******

5-6 мамырда Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбырдың болжануына байланысты, Түркістан облысының өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

*******

Күндіз 6 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын жел, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с.

Атырау қ.: күндіз 6 мамырда шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-100 %.

Хабар 24 телеарнасы