418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар коронавирустан болатын өлім көрсеткішін азайтудың жолын айтты

  • 195
  • UPD: 23:23, 10.05.2020
Ғалымдар коронавирустан болатын өлім көрсеткішін азайтудың жолын айтты

АҚШ-тың Иллинойс штатының ғалымдары коронавирустан болып жатқан өлім-жітім көрсеткіші мен D дәруменінің жеткіліксіздігі арасындағы байланысты анықтады,  деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдардың зерттеуінше, Италия, Испания және Ұлыбританияда коронавирустан қайтыс болғандардың барлығында дерлік D дәрумені жеткіліксіз болған.

Дәрігерлер ол дәрументтің иммунитетті жақсартудан бөлек, ағза жұмысын бақылап отырады.

«Біз жүргізген сараптама D дәруменінің деңгейін бақылаған адамдардың коронавирустан қайтыс болмайды деген пікірге келді. Бұл өлім көрсеткішін жартысына болса да азайтады. D дәруменін бақылау арқылы дерттің асқынуын және өлімнің алдын алу мүмкін болады», - дейді америкалық ғалымдар.

Хабар 24 телеарнасы