412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада көлік картаcына ақша салу орындары жұмысын бастады

  • 138
  • UPD: 14:27, 12.05.2020
Елордада көлік картаcына ақша салу орындары жұмысын бастады

ұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік карталарын толықтыру тәсілдері қайтадан қолжетімді болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанадағы қоғамдық көлік қозғалысына жауапты «Cts» компаниясы RTVM-автоматтар, кассалар мен қашықтықтан толықтыру сервистері (Transcard, Kaspi.kz, Qiwi, Kassa24 және тағы басқа) қайтадан жұмыс істей бастағанын хабарлайды.

Бүгін келесі кассалардың жұмысы жанданды:

• Орталық касса – Қошқарбаев, 50/1, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;

• Теміржол вокзалы – Гете 1, сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін;

• «Өркен» БО – Бейбітшілік, 25, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін;

• «Гранд Астана» ТҮК – Нәжімеденов, 10/1, сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін;

• Цирк – Қабанбай батыр, 5, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін;

• «Айтолқын» ТҮК – Мүсрепов, 4/1, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

• «Ақжайық» ТҮК – Мәңгілік Ел, 19/2, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.

Сонымен қатар «АзияПарк» ССО және «Астаналық» СҮ (Артем) орналасқан RTVM-автоматтардан басқасы барлығы қолжетімді.

RTVM-автоматтардың мекен-жайын сайтынан таба аласыздар.

Еске сала кетсек, кеше Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен 12 мамырдан бастап қоғамдық көлік жұмысын бастайтынын хабарлаған еді.

Хабар 24 телеарнасы