418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның екі облысында жел күшейіп, бұршақ жауады

  • 254
  • UPD: 15:39, 13.05.2020
Қазақстанның екі облысында жел күшейіп, бұршақ жауады Өскен өңір

Қазгидромет еліміздің екі облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Қостанай облысы

14 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: 14 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы

14 мамырда Жамбыл облысында таулы аудандарда қатты жаңбыр жуады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Тараз қ.: 14 мамырда кей уақытта қатты жаңбыр жауады, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы