418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


17 мамырдан бастап Шымкент пен Таразға әуе рейстері ұшатын болады

  • 224
  • UPD: 17:02, 13.05.2020
17 мамырдан бастап Шымкент пен Таразға әуе рейстері ұшатын болады

Шымкент пен Тараз қалаларына әуе рейстері жанданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«QAZAQ AIR» әуе компаниясы Қазақстан бойынша ішкі рейстерді көбейтетінін жариялады.

Атап айтсақ, 17 мамырдан бастап Шымкент қаласына тұрақты рейстер іске қосылады. Нұр-Сұлтан – Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақтар қайта ұша бастайды. Компания сонымен қатар 18 мамырдан бастап Алматы – Шымкент – Алматы бағытындағы рейсті, Нұр-Сұлтан – Алматы – Нұр-Сұлтан таңертеңгі рейсін, ал 20 мамырдан бастап жаңадан Нұр-Сұлтан – Тараз – Нұр-Сұлтан рейсін жолға қояды. Сонымен қатар Атырау, Ақтау, Орал, Жезқазған қалаларындағы рейстерді ашу туралы ақпарат жақын арада жарияланады.

Айта кетсек, 2020 жылдың 11 мамырынан бастап әуе жолаушыларына, әуежай қызметкерлері мен экипажға COVID-19 бойынша ПТР-тестілеуден өту міндетті емес. Әйтсе де жолаушылар қауіпсіздік талаптарын сақтап, маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.

Хабар 24 телеарнасы