405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар қатерлі ісікті жоятын арнайы диета ұсынды

  • 167
  • UPD: 10:05, 14.05.2020
Ғалымдар қатерлі ісікті жоятын арнайы диета ұсынды

АҚШ пен Италия ғалымдары С дәруменімен үйлестірілген арнайы диета қатерлі ісік ауруын жоятыны туралы жаңа дәлелдер ұсынды.

Ғалымдар ұсынылған емдеу жүйесінің негізі ретінде аз калориялы өсімдік диетасы мен дәруменді алды. Бұл туралы PressRoom жазды.

«Бұл диета адамның жасушаларын аштықты сезінуге итермелейді. Емдеудің екінші компоненті – С дәруменінің жоғары дозасы», - дейді идея авторлары.

Бастапқыда ғалымдар емдеудің әсерін кезекпен сынап көрді: диетаны бөлек, С дәруменінің әсерін бөлек. Ол қатерлі ісік жасушаларының азаюйын және олардың аздап жойылатынын көрсетті.

«Алайда диета мен С дәруменінің үйлесуі таңқаларлық нәтиже берді. Бұл жүйе барлық ісік жасушаларын өлтірді », - дейді ғалымдар.

Ғалымдардың айтуынша, олар KRAS мутациясы бар қатерлі ісік жасушаларын жоюда да оң динамикаға қол жеткізген.

Қазіргі уақытта ғалымдар тобы ашығудың әсерін немесе төмен калориялы өсімдік негізіндегі диетаны дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып қатерлі ісікке қарсы пайдасын зерттеуде.

Хабар 24 телеарнасы