399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолаушылар пойызының қандай ережелермен жүретіні белгілі болды

  • 111
  • UPD: 17:43, 14.05.2020
Жолаушылар пойызының қандай ережелермен жүретіні белгілі болды

Елімізде 1 маусымнан бастап ішкі жолаушы пойыздары жүреді.

Осыған байланысты көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы қабылданды.

Жолаушылар вокзал ғимаратына медициналық маска мен жолаушы билеті болғанда ғана кіргізіледі. Ғимаратқа кірмес бұрын олар байланыссыз термометриядан өтеді.

Бұл туралы Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Жолаушылар пойыздары жолға шықпас бұрын теміржол вокзалдары мен вагондарға ревизия жүргізіліп, желдету жүйесі мен фильтрлер ауыстырылады. Жолсеріктер пойыз жолаушыларынан анкета алып отырады», - деді ол.

Сондай-ақ пойыздарда дезинфекция жұмыстары қарқынды жүргізілетінін айтып өтті. Теміржол және пойыз қызметкерлері медициналық маска мен қолғаптар киюге міндетті.

Сонымен қатар жолаушылардың бір вагоннан екінші вагонға жүруіне шектеу қойылады. Теміржол вокзалдарына жолаушыларды шығарып салушылар кіргізілмейді.

Хабар 24 телеарнасы