Елорда көшелерінде жөндеу жүргізілуде, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қаланың көше-жол желісін орташа жөндеу шеңберінде Жеңіс даңғылы бойынша Кенесары көшесінен Бұқарбай батыр көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізуді жоспарлауда.
Сондай-ақ Бұқарбай батыр көшесі бойынша Жеңіс даңғылынан Ирченко көшесіне дейінгі учаскедегі жол бөлігін ішінара жабу жоспарлануда.
Бұл жұмыстар 15-25 мамыр аралығында жүргізіледі.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістің алдын алу үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп атап өтті көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.