399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 125
  • UPD: 16:02, 19.05.2020
Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды vnews.agency

Қазгидромет бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады.

Түркістан облысы

20 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 20 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с.

Қызылорда облысы

20 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 20 мамыр таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

20 мамырда Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысады, кей жерлерде 18 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

20 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: күндіз 20 мамырда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

20 мамырда Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: күндіз 20 мамырда найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

20 мамырда күндіз Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Орал қ.: 20 мамырда күндіз солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы