411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін қасиетті Қадір түні

  • 100
  • UPD: 09:24, 20.05.2020

Мың айдан қайырлы болған бұл түнді елдегі мұсылман қауымы қалай өткізеді?

Қандай амал жасамақ керек? Берекелі түнде мүфтият өкілдері карантинге байланысты онлайн үлгіде уағыз айтады. Арнайы бағдарлама әзірленген.

Білеміз. Қадір түнінің қадір-қасиеті ерек. Рухани салмағы зор. Құран осы түнде түскен. Жер бетін періште жайлайтыны да мәлім. Осы періштелердің жерге түсуі, Қадір түнінің маңыздылығын білдірсе керек. Бұл түнде жасаған дұға-тілек қабыл болады. Оқыған намаз, берген садақаның сауабы еселенеді. Пенде Алланың кешірім-рахымына бөленеді. Тек көлденең келген кеселдің кесірінен биыл қасиетті түнде жұрт мешітке жинала алмайды.

Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

- Бұл түнді үйде қарсы алу қажеттігін баса айтқым келеді. Мешіттеріміз ашылғанмен, тек қана күндізгі уақытта таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 08:00-ге дейін Алла қаласа, ашық болады. Елде жұқпалы дерттің қаупі толық сейілген жоқ.

Үйде қалай өткіземіз? Мүфтият өкілдері айтады. «Әркім өз шаңырағында намазын оқып, дұға-тілегін жасай берсе болғаны». Ал, діни басқарма өз тарапынан халыққа «Мың айдан да қайырлы Қадір түні» атты онлайн бағдарлама ұсынады. Жұрт мұны қайдан көре алады дейсіз ғой.

Батыржан Мансұров, ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі:

- ҚМДБ сайттарында, Хикмет студиясының ютуб желісінде және басқарманың парақшалары бар. Осы парақшалар арқылы қосыла алады. Көре алады. Осы қасиетті айда Құран Кәрімді бастан аяғына дейін оқылды. Бүгін соның батасын діни басқарманың төрағасы, бас Мүфти соның батасын жасайды. Хатым Құранның батасы кері қайтарылмайды. Осыған халық қолын жайса болады. Бұл Хатым Құранның батасы сағат 00:30 да болады.

Жалпы онлайн бағдарлама түнгі 00:30-дан 03:00-ге дейінгі аралыққа жоспарланған. Онлайн уағыздар айтылып, сұхбаттар өткізіледі. Сондықтан мүфтият дүйім жұртты насихат тыңдап, қасиетті түнді құлшылық, дұғамен өткізуге шақырады.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы