420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар ақыл-ес ауытқуларынан құтқаратын жемістерді анықтады

  • 382
  • UPD: 11:01, 20.05.2020
Ғалымдар ақыл-ес ауытқуларынан құтқаратын жемістерді анықтады

Цитрустық жемістер ақыл-ес ауруларының қаупін 23% төмендетеді.

Алты жыл бойы зерттеу жүргізген жапондық Тохоку университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келді. Олардың зерттеу нәтижелері British Journal of Nutrition журналында жарияланды.

Ғалымдардың зерттеулеріне 65 жастан асқан 13 мыңнан астам адам қатысты. Оның нәтижесі бойынша цитрустық жемістерді аптасына үш-төрт рет тұтынатындарда деменцияның пайда болу қаупі 18%, ал жемістерді күн сайын тұтынатын адамдарда 23% төмендеген.

Сарапшылар цитрустық жемістердің флавоноидтарға бай екенін еске салды. Ол жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, қабынуға қарсы әрекет етеді.

Цитрустық жемістерге лимон, апельсин, лайм, помело, мандарин жатады.

Хабар 24 телеарнасы