Принстон университетінің зерттеушілері үй ауласына бау-бақша егу коронавирустық пандемия кезінде адамдарды бақытты ететініне көз жеткізді.
Ғалымдар американың ірі агломерация Миннеаполис – Сент-Пол аймағындағы 370 тұрғынға зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында хобби ретінде бау-бақша шаруашылығымен айналысатын адамдар өздерін әлдеқайда бақытты сезінетіні анықталды.
Сондай-ақ олар басқа хоббимен айналысатын адамдарға қарағанда өздерінің қоғамдағы рөлін жоғары бағалайтын көрінеді.
Зерттеу бойынша, бұл кәсіппен айналысатын тіпті табысы төмен және жалғыз адамдардың да эмоционалды күйі жоғары деңгейі болған.