425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райы: жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

  • 319
Ауа райы: жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

Бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды.

21 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 21 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан күндіз жел соғады екпіні 15-18 м/с.

21 мамырда Атырау облысының түнде кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.

21 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

21 мамырда Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

21 мамырда Павлодар облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршак болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бастысқа ауысады, найзағай кезінде күші 15-20 м/с жетеді. Павлодар қаласы: күндіз 21 мамырда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бастысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді

21 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында күндіз 21 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі.

21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 21 мамырда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы