411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустан көз жұмған адам донор бола ала ма?

  • 120
  • UPD: 17:03, 22.05.2020
Коронавирустан көз жұмған адам донор бола ала ма?

ҚР Ұлттық кардиохирургиялық орталығының басқарма төрағасы Юрий Пя коронавирустан қайтыс болғандардың донорлығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен пандемия кезіндегі жүрек пен өкпе трансплантациясы мәселелерін талқылайтын халықаралық топтың мүшесімін және біз коронавирустан қайтыс болғандардың ағза мүшелерін алу мәселесін жиі талқылаймыз. Менің жеке пікірім - бұл әр науқасты дербес қарастыру. Органға мұқтаж адамның санаулы күні қалса, бұл операция оның ұзағырақ өмір сүруіне мүмкіндік берсе, тәуекел ету керек. Бұл менің жеке пікірім. Адам өмірін тіпті 1 күнге ұзартуға мүмкіндік берсе, бұл мүмкіндікті пайдалану керек», - деді Юрий Пя кардиохирургиялық орталықта өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, КВИ пандемиясынан бүкіл әлемде орган трансплантациясы мәселесі қиындай түскен.

«Халықаралық топ мүшесі болғандықтан, өзге елдермен ақпарат алмасып отырамыз. Көптеген елдер донорлық органдарды жеткізу шектелгендіктен тұтас бағдарламаны уақытша тоқтатты. Ал донорға мұқтаж аса ауыр жағдайдағы науқастар әлі де бар», - деді Ю. Пя.

Хабар 24 телеарнасы