427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар облысында дауыл тұрып, жауын жауады

  • 413
  • UPD: 17:56, 22.05.2020
Еліміздің бірқатар облысында дауыл тұрып, жауын жауады Zakon.kz

Қазгидромет мәліметтері бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде дауыл болып, бұршақ күтіледі.

Ақтөбе облысы

23 мамырда күндіз Ақтөбе облысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі

Батыс Қазақстан облысы

23 мамырда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Орал қ.: 23 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі.

Маңғыстау облысы

23 мамырда Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

Күндіз 23 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

23 мамырда Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Атырау қ.: күндіз 23 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

23 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 18 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: 23 мамырда оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

23 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 23 мамырда найзағай күтіледі, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы